Перғауын оқиғасын зерттеп, Ислам дінін қабылдаған ғалым
Перғауын оқиғасын зерттеп, Ислам дінін қабылдаған ғалым

 



1981-82 жылдары Мысырдағы Пирамидалардың өнімі перғауынның мумияланған денесін зерттеу жұмысы қолға алынды. Оған Франсуа Миттеран өзі мұрындық болған еді. Францияға Мысырдан мумияланған мүрде жеткізіледі. Бұл мумияланған адам Мысыр халқына:«Мен – Тәңірлеріңмін!»-дейтін аса қаталдығымен аты әйгілі перғауынның мүрдесі болатын. Оны археологиялық зерттеулер лабораториясына жөнелтеді. Археологиялық зерттеулер лабораториясының ғалымдары, анатомиялық дәрігер-зерттеушілер жұмысқа кіріседі. Мумияланған мүрдені зерттеушілердің жетекшісі Морис Бюкай еді.Ол – Францияның белгілі ғалымы. Таза француз текті отбасында өсті. Медицина университетін үздік бітірген дәрігер. Өз теңдестері арасында білгір хирург.

Зерттеу сәтті өтіп жатады… Бірақ Морис Бюкайға ең қызықтысы – перғауынның өлім себептері болды. Көп кешікпей, зерттеудің нәтижелері белгілі болады. Қорытындылай келе, перғауын теңіз суына түсіп өлген деген тұжырымға келеді. Дәлелі – оның сыртқы тері қабатынан табылған тұздың мөлшері. Бальзамдап сақтау кейін болған.

Зерттеу нәтижесі туралы Морис Бюкай көпшілікке жарияламақшы болады. Алайда оған басқа бір жақын танысы: «Перғауынның суда өлгені туралы мұсылмандар бұрыннан біледі», – деп бетін қайтарып тастады. Қаншама уақыт бойы еңбегін еш кетірген досының бұл сөзіне оның сенгісі келмеді .

«Мұндай зерттеудің нәтижесін қарапайым тәсілмен білу мүмкін емес, мұсылмандар қалай біледі?» – деп дауласа жөнеледі. Әлгі ғалым досы Перғауын туралы Қасиетті Құран кітабында кейінгілерге ой тастау үшін оның денесі сақталатыны жазылғанын айтады.

Морис Бюкай мумияның шығу тегі мен Құран кітабының түскен уақытын салыстырып көреді… Ол сонан соң Тәурат деген кітапта не жазылғанына назар салып, зерттей бастайды. Онда перғауын Мұсаны қуып келе жатып суға батып кеткені туралы баяндалады. Енді ғалымды табыттағы бұл расымен перғауын ба? Бұл турасында мұсылмандардың кітабында қалай жазылды деген сұрақтар мазалайды.

Арада біраз уақыт өтсе де «мұсылмандар перғауын туралы толық біледі» деген ойынан шыға алмай, ақырында Құранның түскен жері, Араб елдеріне сапарға шығады. 

«Бүгін Біз кейінгілерге ой салу үшін сенің денеңді құтқарамыз. Бірақ, адамдардың көбісі Біздің жіберген белгілерге көз жүгіртіп қарамайды» – деген аяттың бар екеніне көзі жеткен француз ғалымы, дәрігер, хирург-зерттеуші аса таң қалып: «Мен бұл Құранға сендім! Ислам дінін қабылдаймын», – дейді.

Француз ғалымы мұсылман болғаннан кейін де өте көп зерттеулермен айналысады. Кейін Жаратушы және Оның жіберген кітабы туралы әлемге әйгілі «Құран, Тәурат, Інжіл және ғылым» атты еңбегімен кеңінен танылады.

Мақала Жұма Нәушектің фейсбук парақшасынан алынды.

Мақала muslim.kz сайтынан алынған.

Абзал ТокабайАбзал Токабай
2 года назад 661
2 комментария