Адамзатқа үш өсиет!
Адамзатқа үш өсиет!

Ілгеріде өте ақылды әрі дана бір патша өмір сүріпті. Ол ажалы жақындап, өмірден өтетініне көзі жеткен шағында балалары мен уәзірлеріне мынадай үш өсиет қалдырыпты:


1. Мені жерлеуге алып шыққанда денемді қабір басына дейін тек дәрігерлерім ғана көтеріп апарсын;
2. Денемді алып шыққанда мына жатқан жерімнен көріме дейін алтын-күміс теңгелер шашып отырыңдар;
3. Екі қолымды кебіннен шығарып, салбыратып, ашылған күйде қалдырыңдар.

Патша өсиетін мұқият тыңдаған бас уәзір оған барлық өтініштерінің орындалатынын жеткізіп, олардың мәнін түсіндіруін өтінеді. Сонда патша терең күрсініп: «Осы күндері бір нәрсеге көзім толық жетуде. Артымда қалғандарға соны сабақ ретінде қалдырып кеткім келеді!

Бірінші өсиетім - адамға өлім нақты келетін болса, тіпті қасындағы мықты дәрігерлердің өзі одан құтқарып қала алмайтынын әрі өмір мен денсаулық ешбір адамның қолында емес екенін түсіндіру еді.

Екіншісі – мал-дүние жинап шаршаған уақыттарымыз бекерге кеткен екен, сүйіп өткен алтын-күмісімізге дейін артымызда шашылып қалады екен деген шындықты ұғындыру.

Үшіншісі – өмірге келгенде қолымыз бос болып еді, кетіп бара жатқанда да дәл солай бос күйінде аттанады екен деген ақиқатты еске салу!», - деген екен.

Мәліметтер www.asylarna.kz сайтынан алынған.

Абзал ТокабайАбзал Токабай
10 жыл бұрын 6640
0 пікір
Блог туралы
0
9397 46 58 30 41