«Балапаным, менің, махаббатым да ТЕГІН...»
«Балапаным, менің, махаббатым да ТЕГІН...»

Ас үйде тамақ әзірлеумен әбігерге түсіп жатқан анасының жанына ұлы жүгіріп келді. Ештеңе деместен, бір жапырақ қағазды қалтасына салып кетті. Анасы жай ғана жымиды да, қолдарын алжапқышқа сүрте бастады. Бұрыштағы орындыққа отырып, қағазды ашты. Былай жазылған екен:

Ауладағы жапырақтарды тазаладым – 100 теңге
Бөлмемді жинадым – 80 теңге
Дүкенге бардым – 200 теңге
Қоқыс шығардым – 50 теңге
Үй тапсырмасын орындадым – 150 теңге
Көршінің затын апарып бердім – 90 теңге
БАРЛЫҒЫ: 670 теңге
Осы сәтте баласы анасын аңдып отырған болатын. Қағазды оқып болған соң, ақша бере ме деп күтті. Алайда, анасының терең ойға батып кеткенін байқайды.
Ана көп ұзамай қолына қаламсап алды да, парақты теріс айналдырып мынаны жазуға кірісті:
Тоғыз ай бойы барлық ауырлықтарға шыдап, толғақтың қиындығын бастан өткердім: ТЕГІН
Түні бойы жылағаныңда ұйықтамадым, ауырғаныңда дәрігерге апардым, үнемі жаныңда болдым: ТЕГІН
Сені жуындырып, нәжісіңді тазаладым, киімдеріңді үтіктедім: ТЕГІН
Ойыншықтар, тамақ, киім, тіпті мұрныңды сүрткенім де: ТЕГІН
Сені жығылып қала ма деп уайымдаған және әлі де уайымдайтын сәттерім: ТЕГІН
Балапаным, менің саған деген жүрек толы махаббатым да : ТЕГІН
Жазылғандарды оқып біткен баланың жанары жасқа толып, анасына қарады да: «Анашым, мен сені қатты, қатты жақсы көремін!» деп, қапсыра құшақтады. Аз уақыттан кейін, қолына қаламсап алып, былай деп жазып қойды: БАРЛЫҒЫ ТӨЛЕНДІ.

P.S: "Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасыңда олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «Туһ» деме (көңіл толмаушылық) әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле. Әрі оларға мейіріммен кішірейе қанатыңды иіп: «Раббым! Мені кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет» де" («Исра» сүресі, 23-24- аяттар).

Мәліметтер www.asylarna.kz сайтынан алынған

Абзал ТокабайАбзал Токабай
10 лет назад 8320
1 комментарий
О блоге
0
9397 46 58 30 41