Махаббатқа махаббатпен жауап бер... (афоризмдер топтамасы)
Махаббатқа махаббатпен жауап бер... (афоризмдер топтамасы)

 



- Пендені тыныштандырып көңіліне қуаныш енгізетін сезімнің бірі - кешірім сұраған құлының тəубесін қабыл етуші Мейірімді Жаратушының бар екенін есіне алу. 

- Адамдардың Алланы жақсы көретіндігіне таңғалмаймыз. Себебі, Құдай оларға бәрін беріп жатыр. Алланың адамды жақсы көретінін қалай түсіндіресің? Ол ешнәрсеге мұқтаж емес қой...

- Тауды бір сәтте үгітіп, шаша алатын құдіретті Раббыңның уайымың мен қайғың қанша үлкен болса да əп-сəтте жоқ етуге толық шамасы жетеді.

- Алла күнəні кешіреді, қиындықтан құтқарады, дұғаға жауап береді, бір қауымды жоғары көтеріп, басқасын төмендетеді.

- Алланы танығың келсе, өзіңе қара. Тұла бойың – Алланы тануға жеткілікті жаратылыс. Алла саған біреу түгілі күре тамырыңнан да жақын.

- Кейде таптап, кейде жұлып кететін бір жапырақтың түскенін білген Алла Тағала әрбір ісімізден хабардар, дұғамызды естиді, қажетімізбен қамтамасыз етеді.

- Қараңғы түнде қара тастың үстіндегі қара құмырсқаның әр қадамын жіті қадағалайтын Құдіретті Алладан ойыңды жасырып қала алмайсың.

- Адам жақсылығының сыйын адамнан немесе Алладан күтеді. Ал Құдай ешбір нығметі үшін қайтарым сый сұраған емес.

- Адамдар туралы ойласаң ауырасың, Алла туралы ойласаң жүрегің нұрланады, тыныштық табады.

- Алла туралы ойлау үшін ғалым, профессордың болуы қажет емес, айналадағы барлық нәрсе Алланы уағыздайды. Тек назар аудара білсең болғаны...

- Шүмек ағытылып кетіп, ваннаның ішін су басты дейік. Сен 3-4 метр шүберек әкеліп, кешке дейін суды сүртсең де, тауысып біте алмайсың. Ең бірінші, шүмекті бекіту керек. Сол секілді проблемаларыңмен де күресіп біте алмайсың, алдымен, Алланы разы ету қажет.

- Алла – төрдегі аспанның, жұмыр жердің, көкте жөңкіген бұлттың, ұшқан құстың, жыбырлаған жәндіктің, күлімдеген күннің, толықсыған айдың, асқар таудың, сылдырлаған судың Иесі. Алла – суда жүрген көлбақа мен жерде жүретін тасбақаның, судан шықпайтын кит пен жуынды ішкен иттің, сығып өлтіріп тастайтын биттің Иесі. Алла Тағала – сенің көзіңнің, сөзіңнің, тынысыңның жүрегіңнің Иесі.

- Адам баласы күніне ішке-сыртқа 48 мың рет дем алады екен. Ал «тірі адам» деген ұғымның тіреуі – ауыз бен мұрындағы тесік. Яғни, Алланың әрбір тынысымыздың Иесі болуы – Одан қорқуымызға жеткілікті құбылыс.

- Құрсақтан жалаңаш болып шықтық. Алла киіндірді. Тісіміз жоқ еді. Алла тамақтандырды. Құр алақан едік. Алла ризық-несібе берді. Ертең жалаңаш, тіссіз, құр алақан қайтамыз. Сұралмаймыз ба?

- Алдымызда тұрған бір шелек сүтті піссек, май шығатынын жақсы білеміз. Алайда оны көре алмаймыз. Олай болса, жеті аспан мен жерді жоқтан бар еткен Алла Тағаланы қалайша көрмекпіз?

- Аспан әлемі. Жер ғаламшары. Еуразия құрлығы. Қазақстан деген мемлекет. Алматы қаласы. Түген деген көше. Пәленшесінші үй, пәтер. Сен отырсың. Алла Тағаланың алдында бар болғаны бір нүктесің. Бүкіл әлемді назарында ұстап отырған Раббыңның қаншалықты ұлы екендігін түсіндің бе?

- Алла Тағала фәниде адамнан артық жаратылыс жаратқан жоқ. Айбыны 40 жігітті бездіретін арыстанды ақымақша циркте оттан секіртіп қойды. Бір шақса, 40 адамды өлтіретін кобраны билетіп қойды. Үстіне 40 жігітті сыйдыра алатын пілге бөрене тасытып қойды. Сен – адамсың, ардақтысың!

- Адам өзі танымайтын нәрседен қорқуы, қажетін сұрауы мүмкін бе? Сіз анаңыз бен әкеңізді, жарыңызды жақсы көресіз, өйткені, жақсы танисыз. Ақиқатында, Құдайды жақсы көру, қорқу, үміттену де – Алланы танумен келетін қасиеттер.

- Алланы тану – мәңгілік рахаттардың бесігі болған Жәннаттың есігін ашу.

- Раббысын танымаған адам – Өзін де тани алмайды. Өзіне ненің зиян, ненің пайда екендігін біле алмайды.

- Зауыттан тауар шығарып жатқан басшы оның бүге-шігесін білетіні секілді, Алла Тағала Өзі жоқтан бар еткен пендесінің бақытты, бақытсыз болу жолын бәрінен де жақсы біледі.

- Арқа сүйері жалғыз Алла болған адам ғана мықты пана тапты.

- Барлық адамзатты жаратып, ризықтандырған, тағдырымыз қолында болған Алла Тағала тұрғанда адамнан не өзге жаратылыстан көмек сұрауымыз қаншалықты дұрыс?

- Бастыққа хатшының немесе басқа қызметкердің қатысуынсыз кіре алмауың мүмкін. Ал әлемдердің Раббысы ешнәрсеге мұқтаж емес. Сені тікелей қабылдайды. Дұғаңды кез келген жерде, кез келген уақытты естиді.

- Алла Тағала сенің ерініңнің қыбырлағанын ғана емес, жүрегіңнің жыбырлағанын да біледі. Сенің не істегеніңді емес, не істейтініңнен де хабардар.

- Құдайсыз қурай да сынбайды.

- Кімге Алла жар болса, оның өтпейтін өткелі жоқ.

- Өзінен шын жүректен өтіне сұрағанға артығымен беруге құдіреті толық жететін Раббыңа қолыңды жай!

- Жер бетінде Құдайды айырбастайтын ешнәрсе жоқ.

- Ешбір адам көшірмесін сала алмайтын: судың сылдырының дауысы, жапырақ сыбдырының үні, көбелектің мың түрлі құбылуы – Алла Тағаланың Ұлы Шебер екенін нұсқайды.

- Физика заңдылығы бойынша бұлттардың сығылуынан кейін 500 метрден түскен бір тамшы жаңбыр – жерді тесіп кетер еді. Ал оның әрбір тамшысын періштелердің алып түсуін қадағалаған Алла Тағала неткен ҰЛЫ?!

- «Әрбір күннің ең тәтті сәті – Алламен байланыста болғандағың. Өйткені, бұл кезде сені бәрінен де ең жақсы көретін Раббыңа бет бұрасың».

- «Біз өз жанымыздың құнын білеміз бе? Жер бетіндегі барлық нәрсе осы бір ардақты жан үшін жаратылған жоқ па?»

- Арақ ішсең денсаулығыңды құртасың, ұрлық жасасаң біреудің қарғысына қаласың, намаз оқымасаң – Алланы ренжітесің. Қайсысы ауыр күнә?

Мәліметтер www.asylarna.kz сайтынан алынған.

Абзал ТокабайАбзал Токабай
9 лет назад 5336
3 комментария
  • Алла тағала сені жәннаттың қалаған есігінен енгізсін
    9 лет назад
  • - Алдымызда тұрған бір шелек сүтті піссек, май шығатынын жақсы білеміз. Алайда оны көре алмаймыз. Олай болса, жеті аспан мен жерді жоқтан бар еткен Алла Тағаланы қалайша көрмекпіз?
    9 лет назад
  • МашаАллаһ!
    9 лет назад
О блоге
0
9397 46 58 30 41