Адам баласының миы бір мезгілде бірнеше нәрсені ойлап, іске асыра алатындай етіп жаратылған. Мысалы, қандай да бір адам мидың мінсіз жүйесінің арқасында бір мезгілде көлік жүргізіп, көліктегі радионың дауысын өзгертіп, ондағы ақпаратты қабылдап, жанындағы адамдардың сөздерін қорытып, сауалдарына жауап бере алады. Мұның барлығы адамның ми жүйесінің шексіз мүмкіндігінде. Сыртқы әлемнен алынатын миллиондаған ақпараттарды бір мезетте қабылдап, оны қорытқан ми жүйесі барлығына да жауап қайыра алады.
Мидағы ең маңызды рөл атқарушы компонент – жүйке талшықтары (нервные клетки) болып табылады. Жүйке талшықтарының саны шамамен 10 миллиардты құрайды. Жүйке талшықтары миға түскен ақпараттар ағынын ретке келтіріп, қорытумен айналысады. 10 миллиард жүйке талшықтарында шамамен 120 триллионға жуық байланыс нүктелері бар. Бұл байланыс нүктелерінің барлығы өзінің болуға тиіс орнында болады. Егер бұлардың бірі өз орнынан өзге жерде тұрса, адамның жүйке жүйесінде елеулі ауытқулар орын алады. Арамызда кездесетін жүйке ауруларына шалдыққан жандардың байланыс нүктелерін зерттеуде осыған көз жеткіземіз.
Міне қызық! Жүйке талшықтары мен байланыс нүктелерінің орындарының ауысуына адамның көп ойланудан бас тартуы себеп болады екен. Осыншалық күрделі құрылымның ешқандай тоқтаусыз, дамылсыз жұмыс істеп тұруы себебінен адам баласы алаңсыз өмір сүреді. Мұнша күрделі жүйенің өздігінен пайда болмағаны анық. Барлығын да жаратушы –жалғыз Алла!
"Ей, адам баласы! Әл-Карим /аса Жомарт/ Раббың жайлы сені не алдады? Ол /Алла/ сені жаратты, /дене мүшелеріңді үйлесімді етіп/ теңестірді және /тұла бойыңды/ түзулеп, Өзі қалаған бейнеде сені құрастырды" («Инфитар" сүресі, 6-8 аяттар).
Мәліметтер www.asylarna.kz сайтының VK әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынған.