Қарттар үйінен хат
Қарттар үйінен хат

Қалайсың балам, саумысың жаным өркенім.
Жұмысың қалай, жақсы ма келін көркемім.
Немерем калай, келсейші бір кез ерітіп.
Сүйейін, иіскеп, маңдайын тәтті еркенің.

Білемін күнім, тіршілік күйгін бітпейді.
Жұмыссыз сені ешкімде бағып күтпейді.
Кедергі болып қайтемін саған құлыным.
Бір мәрте келші, кел демеймін көп мейлі.

Денсаулық жақсы, ойлама балам жан тәуір.
Жөтеліп қоям, қысады кейде қан тамыр.
Айтқандай келін береді дәрі- дәрмек.
Қарттық-қой балам, сен аман бол әйтеуір 

Немерем қалай, тынышпа түнгі ұйқысы.
Сүйгізбеуші едің, жұғар деп бетке күс-күсі.
Түндерде келіп,ертегі айтшы-деуші еді.
Не қылсын бірақ, кәрінің ескі-құсқысын.

Суымыз жылы, аз емес берер тамағы.
Бәрі де қарттар, ағарған шашы, қабағы.
Жалғыздық шегіп отыр-деп балам ойлама.
Шертеміз сырды еске алып күнді баяғы. 

Қонаққа барсам, үйіңде бәлкім тар болар.
Қолайсыз жерде кәрілік маған ар болар.
Тұрғын-ғып тіркеп, шығынға түспе қарағым.
Төлемей қалсаң, үйіңнен сені заң қуар.

Айлығын білем, жетпейді қара басыңа.
Қысылтаяңда болмайын ортақ асыңа.
Барсаңыз ұнар-деп едің жанды жұбатып.
Қарттардың үйі сай екен менің жасыма.

Көлігің қaлай, жаңалау, биік, кең іші.
Мінбеген үшін, саған жоқ менің ренішім.
Дұрыс-қой балам сақтанып жатсаң кәріден.
Бүлдіріп бәлкім, сіңеді кәрі иісі.

Уақытты алып салмайын сені әуреге.
Көңілді бөліп қайтесің балам әрнеге.
Соңғы да болса айтайын саған өсиет. 
Сұраусыз,атсыз қалмасын құрғыр бұл дене.

Разымын саған, тағдырға менің налам жоқ.
Сырласым жалғыз, ақ парақ, қара қалам боп.
Көрініп жатса қағазға тамған жастарым.
Сағынған сені сезімді тияр шамам жоқ.
Жер бетінін қай ұшын басып жүрсеңде.
Қаласың әр-кез өзімнен туған балам боп...

Байлепесов Жанаберген

Абзал ТокабайАбзал Токабай
9 лет назад 23146
30 комментариев
  • Өкінішті, өте өкінішті...
    Ешқашан қартаймайтындай, ертеңімізді ойламай күй кешудеміз. Әрбір қазаққа сын.
    9 лет назад
  • Бұрын соңды Алаштың тарихында болмаған адам айтқысыз оқиғалар белең алуда. Бұл біздің сүйегімізге таңба, жүрегімізге салынған жара. Әкенің қанынан, ананың сүтінен нәр алып өскен адамзат бірмезетте оларды тастап кету үлкен күнә. Сондықтан олардың табанының астында жұмақ барын ұмытпайық ағайын!
    9 лет назад
  • С.а. Казир бир нарсе жазам, бари карсы шыгатынын сезип отрм. Мен 40 ка кеп калдым, карт аке шеше кордим, Исламда карттарды курметтеуге улкен ман береди. Бирак... осы казирги карттарымыз да сондай жаксы емес пе деп калам кей кезде!? Мен жаксымын деп тургам жок, адамдардын бари кунахар, бул баска ангиме. Бирак жас семьяларды ажыраткан аке шеше коп кордим, жана келген келин, куйеу бала ушин кыркыскан коп туыскан кордим. Мумкин ман дакка дукка дейди гой, биз не корсек, кезинде шамамен сондай истер истегенбиз гой. Аке шешесин карттар уйне апарып жатканадар сол аке шешенин балалары гой... Калай ойлайсыздар???
    9 лет назад
    • Қазақта сөз бар "Әке-шешең жынды болса, байлап бақ"- дейді. Қандай жағдай болса да кешірімді болу керек Алла разылығы үшін.
      9 лет назад
      • Байлап багу деген мумкин емес, мен оз басымнан отти. Калага алып келдик, солар ушин квартира емес, жер уй алдык, барибир турмады, Рамазан кезинде 15 куннен кейн уйме кайтам деди де кайтып кетти "Кикар" шал акем меним. Анам бул шалга не истейм айтканына конем де деп ангиме айтты. Хош дедик. Каладан, ауылга бардык, оз апке ага женгелеримиз араласа берди, жылда бир келеди каладан, аке шешеме дурыс карамай жатыр екенсиндер, билесиндер гой казакиын ангимеси коп, биз типти еш кайда кыдырмайтын, уйден шыкпайтын едик, келиндери намазхан, бари жаксы сиякты, бирак барибир тырнак астынан кир издегендер табады гой. Болмады кыскашасы. Акем кайтыс болды, шешеме айттым, болды енди акемиз жок кикар, жур калага тур бизбен(Ауылда кандай перспектива???) немерелерин касында, жок 1 жылдай турды да ауылга кайтамга салды. Сол ауылда сонша коп туыскан да жок, барлык ул кыздары калада. Кыскашасы не истесек те жакпадык Аллах куа.
        9 лет назад
  • александрдың сөзінің жаны бар
    9 лет назад
  • Дұрыс айтасыз! Халық айтса қалып айтпайды. Әрине ұлағатты жандарды байлап бағу ешкімнің басына бермесін. Дегенмен олар Алланың қалауымен өмір нәрін себушілер. Сондықтан баршамыз үшін олар ерекше жандар.
    9 лет назад
  • Сосын жана турмыс курган каншама намазхан жануя кордим, банальный келиндери/куйеу балалары унамайды деп ажыратп тынган талай аке шеше кордим. Меним ойымша биздин когамда биздин алдымыздагы поколениеде проблема бар, бул осек. Осек тындап алады да жап жаксы келин/куйеу постоянно наезд жасайды. Бир шукр етип осы елдин балалары сиякты ишип тышып журген жок кой ен курымаса деп айтпайды. Сразу ажыратамыз келин/ куйеу бизге лайы емес, как будто оз балдары басы алтын, ...ти кумис...
    9 лет назад
  • Бир агамыз айтп еди, баланды 2 жасында садикке откизип тастасан, олар сен 60 ка келгенде карттар уйине тапсырмаганда не кылады деп... Орыстар айтады палка о двух концах" деп тек бир жакты киналаган дурыс емес, анык каныгын билместен. НАкты не болганын Аллах кана билмей ме!!! Ал бизде болды, бир осек естип алды ма болды,каралай салады еш ойланбастан...
    9 лет назад
  • Ол енді ата-ене мен келін арасындағы болатын жағдайлар бар. Жаман ата, жаман ене бар. Жаман келін де бар. Бірінің енесі, бірінің келіні келсап болып шығады. Бірақ, екі жақ та жақсы тату-тәтті өмір сүріп жатқан жанұялар бар. Көбінесе қариялардың қарттар үйіне өтуіне келіндер кінәлі секілді. Солар күйеуін әйтеуір көндіріп, ата-анасын қарттар үйіне өткізуге мәжбүрлейді. Не деген тасбауырлар десеңші! Бірге тұра алмайды екен өздері бөлек шықсын дер едім. Бірақ қайткенмен де үбірлі шүбірлі болып тұрғанға жетпейді ғой. Өкінішті...
    9 лет назад
    • Сиз именно келин киналы болган екенине оз козинизбен корп 100 % куалие бере аласыз ба, хотя бы бир жагдай? Или оз катынына сози отпесе, мумкин улдын ози кинали дегениниз дурыс болар!!! Алланын алдында балалалары аке шешелеримен есептеседи екен, имамдардан сурап кориниз. Бул не деген соз, еки жакта да маселе бар деген соз
      9 лет назад
      • Иә соны айтқым келіп отыр. Қуыскеуде ынжық ұл содан кейін амал жоқ әйелінің айтқанын істейді.
        9 лет назад
  • тұрмыстық мәселенің шегі болмайды, десе де қарттарды жазғырудың жөні тағы жоқ, ауылда тұрса тұрсын, кейін өздері қайтып келеді, міндетіңнен құтылдыңғ алдынан өттің, сенің арың таза алла алдында
    9 лет назад
    • Мен карттарды жазгыргам жок, бирак казир китаптарда жазылгандай аксакалдар мен ак самайлы аналар коп пе ? алде 60 ка келсе де али ернин бояйтын кемпирлер мен жас кыздарга кызыгып туратын шалдар коп пе? Жаксы адамдар жок емес, бар Аллахка шукр. бирак окинишке орай оте аз болып бара жатыр.
      9 лет назад
  • Не болса да, кешірімді, сабырлы болу керек деп ойлаймын. Менің жеке пікірім.
    Өмірден түйгенім осы болды. Қиыншылықты барлығымыз да көрдік.
    9 лет назад
    • Кеширимди сабырлы болу дурыс екенин бари биледи, бирак та шын омирде каншалыкты кеширимди и сабырлы бола билесиздер сиздер? Красивый ангиме коп адам айтады, не надо...
      9 лет назад
      • Мен өзімнің көрген қиыншылықтарымды ортаға салғым кеп тұрған жоқ. Мен де 34 ке келгенше біраз өмір көрдім. Әдемі сөз емес, өмірлік ұстанымым. Рахмет пікіріңізге.
        9 лет назад
        • Мен оз коргениминин 1% жаздым мысал ретинде, естигенимди емес :) Барибир сизди омирлик устанымы бар адам екен деп айтпаймын, себеби бир Аллах биледи шын кандай екенинизди. Копшилик озин жаманмын демейди, все красиво говорят и пишут. Ренжимениз, бас кеспек болса да тил кеспек жок деген казак бабам. Ренжимей, сабырлы болып, кеширип койыныз :) Онай емес да!? Онай емес...
          9 лет назад
          • Артық кетсем кешіріңіз.
            9 лет назад
  • бұл жолы да александардың сөзінің жаны бар
    9 лет назад
  • шыдамның да шегі болады емес пе
    9 лет назад
  • Александр тым артық кетуге болмайды! Мейрімді Алла баршамызды кешірсін! Өмірде ұстанымсыз адам болмайды. Олсыз біз ескексіз қайық тәріздіміз. Ваggідің пікіріне қосыламын. Себебі ол сөзді көпті көрген қазына халқым айтқан. Ал, ол өмір тәжірбиесінен ойып алынған. Не де болса Ұлы Жаратушының бұйрығымен солардың тәнінен бастау алдық. Сондықтан олардың жолы біз үшін бәрібір ерекше. Себебі Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
    “Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
    Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген. Осы ұлағатты сөздерді жадымызға тоқып, сабыр сақтайық!
    9 лет назад
    • Мен кай жерде артык кеттим Алма ханым? Исламга Алланын акикаттарына карсы бирнарсе айттым ба?
      Ал казир сондай кемпир(али шашы мен ернин бояйтын, ким карайд соларга айтындарш), шалдар(кыздарга кырындайтые) коп екени отрик емес, тойларда биз, орта жас жигиттер мен келиншектер отрамыз тып тыныш, солар шайкап жатады дискотека 50-60-70-80-х деп!!! Отирик пе? Меним журегим айниды сондай адамдардан. умытпаныз примерно акырзаманда омир сурип жатырмыз. Красиво ангиме айтканан ештене красиво боп кетпейди. Оларга айтылган жок емес, айтылды, кунде айтылады, имамдар айтп жатыр, каналдар айтп жатыр. Менише казир жастар жаксы карилерден...
      9 лет назад
  • Халайык, мен озимди жаксы деп жаткам жок, мен ойыммен болистим, ащы да болса шындык. Казир коп акыл айткыш, красиво речь толкать ететин адамдардан алыс журем, мен сиякты кунахар болса да, арак ишсе де озине коп алмайтын, "нормальный" адамдар жаксы

    9 лет назад
  • Жарайды хош ангимелеренизди бузсам кешириндер. С.а.Удачи
    9 лет назад
  • Жоқ Әлекең артық кеткен жоқ. Дұрысын айтып жатыр.
    9 лет назад
  • әке мен бала арасында, дәлірегі, ұрпақтар арасында қашанда қайшылық болған, бола береді, ол дәуір басқа, атеистік кезең еді ғой, сол себепті, тәрбие басқа, олардың көргенін көрсетпей-ақ қойсын, соғыс, аштық, репрессия, т.б.
    9 лет назад
  • Александр, сізден кешірім өтінем. Бірақ мен әдемі сөйлеп өзін жақсы көрсетіп жатыр деп ойламаңыз. Алла сақтасын мен өзімді жақсы адаммын деп есептемеймін де, қателіктерім бір басыма жетіп артылады. Қиқар мінезім бар оны өзім жақсы білемін.
    Мен жай ғана өз көзқарасымды, ұстанымымды айттым болды. Ия әдемі сөйлейтін шығармын, бірақ қалай сөйлесем де шындықты айтудан ешқашан жасқанған емеспін. Ойымды ашып айтам деп талай опық жегенім де бар. Аллаға шүкір өз сөзіме өзім жауап бере алатын жағдайдамын. Өзімнің айтқан сөздеріме ақыретте жауап беруге дайынмын.
    Әдемі сөйлегенге неге таң қалатыныңызды түсінбеймін. Менің мамандығымда әдемі сөйлеу керек. Мүмкін мамандығыма байланысты солай шығар. Мен сізге қарсы ешнарсе айтқан жоқ сияқты едім, алайда сіз менің жеке басыма тиісе бастадыңыз.
    Менің қандай екенім әрине бір Аллаға аян.
    Сіздің өмірлік ұстанымы бар адам екен деп айтпаймын деп асыра сілтегеніңіз менің жеке басыма тиіскеніңіз деп есептеймін. Мен сізге зәредей де ренжіген жоқпын, таныс емес адамға ренжи алмайды екенмін. Бұл ортақ портал болғандықтан пікір білдіруге әрбір адам құқылы.
    Әйел басыммен осылай жауап қайтарып отырғаным шыны керек ұяттау боп тұр. Өзіңіз айтқандай бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
    Әрине мен сіздің, сіз менің өмірімді сүрген жоқпыз, тіпті бір-бірімізді танымаймыз да. Алла әркімді әрқалай сынайды, әркім әрқалай шыңдалады.
    Сөзімнің тоқ етері, кешірімдіні Алла да кешіреді. Алладан ұлық емеспіз. Бес күн жалғанда тек қана сыйластық қалады. Ақырет күніне, Аллаға сенетін адам ғана жақсы сөйлеп, кешірімді болады деп есептеймін.
    Аман болыңыз.
    9 лет назад
  • Ассалямуалейкум, Александр бауырым! Біріншіден,40 емес,70-ке келсең де əке-шеше үшін сен баласың.Екіншіден,Алланың мейірімі ананың мейірімінде,ал қаһары əкенің ашуында дейді.Өзіңнің,елдің əке-шешелерін жөндегенше амал жасап,дұға еткейсің.Қарттарымызды,аналарымызды жамандағаннан ештеңе шықпайды,керісінше қолымыздан келгенше ислам дінін жеткізейік немесе көрсетейік.Ал əдемі сөйлеу мəселесі бөлек тақырып.Алдымен өз тіліңізді дұрыстаңыз,сөйлей алатын кісілерден үйреніңіз.
    Əрине,Қарттар үйі қазаққа сын. Ин ша Аллах,ұлымызды иманды,қызымызды ибалы етіп тəрбиелесек,ешбіріміз Қарттар үйіне бармасымыз анық. Рамазан айындағы құлшылық, ғибадаттарыңыз қабыл болсын!
    9 лет назад
  • Қуаныштың айтқанына қосыламын
    9 лет назад
О блоге
0
9397 46 58 30 41
Прямой эфир